"Теміртау жоғары политехникалық колледжі" КМҚК базасында WorldSkills Karaganda-2022 аймақтық чемпионаты
12-05-2022 11:01

      2022 жылы 12 мамырда "Теміртау жоғары политехникалық колледжі" КМҚК базасында "Зертханалық және химиялық талдау" құзыреттілігі бойынша таныстыру алаңы өткізілді.
Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты "Зертханалық технология" мамандығының беделін арттыру және WorldSkills Karaganda-2022 байқауына қатысу мүмкіндігі болып табылады.
Қатысушылар осы құзыреттілік бойынша өзінің барлық дағдылары мен біліктерін көрсете отырып, байқау тапсырмаларын орындайды, фотоколориметрдегі темірдің құрамын фотометриялық анықтауды жүргізеді, суды кешенді метрикалық әдіспен талдауды жүзеге асырады, яғни талдаудың химиялық және аспаптық әдістерін қолданады. "Зертханалық және химиялық талдау" құзыреттілігі бойынша таныстыру алаңы Қарағанды облысында алғаш рет өткізіліп отыр.
WorldSkills бағыты студенттерге өздерін және кәсіби дағдыларын көрсетуге жақсы мүмкіндік береді.