«Қарағанды агротехникалық колледжі» КММ базасында «Жүк техникасына қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша «Worldskills Karaganda 2022» кәсіби шеберліктің аймақтық чемпионатының екінші күні
12-05-2022 11:29
 «Қарағанды агротехникалық колледжі» КММ базасында «Жүк техникасына қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша «Worldskills Karaganda 2022»  кәсіби шеберліктің аймақтық чемпионатының екінші күні

      2022 жылдың 12 мамырында  «Қарағанды агротехникалық колледжі» КММ базасында «Жүк техникасына қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша «Worldskills Karaganda 2022»  кәсіби шеберліктің аймақтық чемпионатының екінші күні өтті. Бағдарламаға сәйкес қатысушыларды техника қауіпсіздігімен және байқау тапсырмаларымен таныстырды. Екінші күннің бағдарламасы 3 модульден тұрады:
- 3 модуль - «electude симуляциялық жаттығулар»;
- 4 модуль - «КПП Камаз»;
- 5 модуль - «ЗИЛ - 130 қозғалтқыш клапандарын реттеу».
«Жүк техникасына қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша 5 студент қатысты.
Барлық қатысушылар модульдерге сәйкес тапсырмаларды орындады. Байқау жұмыстары аяқталғаннан соң сараптамалық бағалау жүргізілді.