Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі " КММ базасында "Worldskills Karaganda-2022" аймақтық чемпионатының қорытынды күні
13-05-2022 09:58
Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі

      2022 жылдың 13 мамыр күні «Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі» КММ базасында «Дәнекерлеу технологиялары» құзыреттілігі бойынша «Worldskills Karaganda - 2022» аймақтық чемпионатының қорытынды күні өтті. Барлық қатысушылар модульдерге сәйкес тапсырмаларды орындады. Байқау жұмыстары сараптамалық бағалаудан өтті. Сондай-ақ, 2023 жылға бас сарапшы мен оның орынбасарын сайлау өткізілді. Чемпионат аяқталғаннан кейін қатысушылар сертификаттармен, сарапшы-компатриоттар алғыс хаттармен марапатталды.