2022 жылдың 27 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, білім беру ұйымдарының директорларына, директорлардың орынбасарларына, математика және физика пәнінің мұғалімдері үшін «ЗЕЙІН» әлеуметтік-педагогикалық жобасы аясында ZOOM платформасы арқылы «Математика және физика сабақтарында функционалдық сауаттылықты арттырудың тиімді әдістері» атты шеберлік сыныптар өткізілді. Барлығы 100 педагог қатысты.
Шеберлік сыныптар барысында келесі педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:
Накипбекова Жанаргул Амантаевна, Қарағанды қаласы «Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназия» КММ физика пәнінің мұғалімі;
Сулейманова Толқын Омирзаковна, Қарағанды қаласы «№23 ЖББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі;
Манбаева Жумагуль Орынбасаровна, «Мұрагер» ММИ физика пәнінің мұғалімі;
Сейтжанов Жанболат Рахымжанұлы, «Мұрагер» ММИ физика пәнінің мұғалімі.