Размер шрифта:
«Жас маман мектебі» жас кітапхана қызметкерлеріне әдістемелік және консультативтік қолдау көрсету
28-10-2022 14:06
«Жас маман мектебі» жас кітапхана қызметкерлеріне әдістемелік және консультативтік қолдау көрсету

      2022 жылдың 28 қазанында Облыстық кітапханашылардың облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының аясында колледждердің жас кітапхана қызметкерлеріне онлайн режимінде семинар өткізілді.

Төрайымы А.Ж.Сулейменова басқаратын, тәжірибелі кітапханашылар мынадай өзекті мәселелер бойынша сөз сөйледі:

- «Мен тәлімгермін: жас маманды сүйемелдеу тәжірибесі», Сошникова М.А., «Теміртау жоғары медициналық колледжі» ЖММ;

- «Колледж кітапханасының нормативтік құжаттары», Ильина Л.А.,  «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ;

- «Кітапхананың инновациялық ерекшеліктері», Шоменбаева С.С., «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК;

- «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында жұмыс тәжірибесін қорытындылау», Горяйнова Т.И., «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК.

Шараға облыс колледждерінің 35 кітапхана меңгерушілері мен кітапханашылары қатысты.