Размер шрифта:
Күзгі мектеп аясында «Информатика» пәнінің мұғалімдеріне арналған шебер-сыныптар
31-10-2022 17:33
Күзгі мектеп аясында «Информатика» пәнінің мұғалімдеріне арналған шебер-сыныптар

      2022 жылдың 31 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу – әдістемелік орталығы  информатика пәнің оқытуда бүгінгі заманның талабына сай мұғалімдердің ғылыми әдістемелік және шығармашылық ізденісін жетілдіру мақсатында шебер-сыныптар өткізді.

Шебер - сыныптар  келесі тақырыптар бойынша өткізілді:

  • «Функционалдылық біліммен интеграцияланған қалыптастырушы бағалаудағы ұлттық құндылық»- Омаров Сатжан Кәрібайұлы, «М.Жұмабаев атындағы гимназия» КММ  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
  • «Заманауи педагогтің портреті» - Садыков Балтажан Мухамеджанович, «№78 ЖББМ» КММ информатика пәнінің мұғалімі;
  • «Сабақта тиімді платформаларды пайдалану» - Кажекбер Жаркын,«Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясы» КММ информатика пәнінің мұғалімі.