Физика пәні мұғалімдерінің КҮЗГІ МЕКТЕБІ
01-11-2022 22:50
 Физика пәні мұғалімдерінің  КҮЗГІ МЕКТЕБІ

      2022 жылдың 01 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, физика пәнінің мұғалімдеріне арналған Күзгі мектеп өз жұмысын бастады. Барлығы 200 – ден астам педагог қатысты.

Шеберлік сыныптар барысында функционалдық сауаттылықты арттыру жолдары, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс түрлері, сондай-ақ проблемалық оқыту технологиясы, оқытудың тиімді әдістері мен нысандары қарастырылды.

Тамаша атмосфера, тыңдаушылардың жақсы пікірлері, алған білімдері педагогтердің одан әрі жұмыс істеуіне жақсы мотивация болды.

Күзгі мектеп аясында Теміртау қаласының келесі педагогтері өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:

Досмагамбетова Камшат Жамсаповна, «Теміртау қаласы білім бөлімі» КММ әдіскері;

Ветковская Нина Анатольевна, «Теміртау қаласы № 20 МЛ» КММ физика пәнінің мұғалімі;

Варзин Вячеслав Витальевич, «Теміртау қаласы № 14 МЛ» КММ физика пәнінің мұғалімі;

Шеянова  Екатерина Викторовна, «Теміртау қаласы № 14 МЛ» КММ физика пәнінің мұғалімі;

Колесникова Анастасия Николаевна, «Теміртау қаласы № 27 ЖББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі;

Приходченко Алла Владимировна, «Теміртау қаласы БТКЛ» КММ физика пәнінің мұғалімі;

Куанышбекова Аяжан Бахтияровна, «Теміртау қаласы № 2 ЖББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі;

Сарсепбаева Арайлым Даулетбекқызы, «Теміртау қаласы Ә.Бөкейхан атындағы гимназия» КММ физика пәнінің мұғалімі;

Нусипова Назгуль Маратовна, «Теміртау қаласы № 9 лицей» КММ физика пәнінің мұғалімі;

Шакетова Жадыра Туребековна, «Теміртау қаласы № 9 лицей» КММ физика пәнінің мұғалімі;

Кадирова Улмекен Куламановна, «Теміртау қаласы № 4 ЖББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі;

Омирбаева Асем Нуралыевна, «Теміртау қаласы № 4 ЖББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі.