Размер шрифта:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Сатылай кешенді оқыту технологиясы – нәтижеге бағытталған білім» оқыту семинары
01-11-2022 23:00
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Сатылай кешенді оқыту технологиясы – нәтижеге бағытталған білім»  оқыту семинары

      2022 жылдың 1 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Балқаш қаласы білім бөлімімен бірге Күзгі мектеп аясында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Сатылай кешенді оқыту технологиясы – нәтижеге бағытталған білім» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинар барысында келесі мұғалімдер тәжірибелерімен бөлісті: Балқаш қаласы білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Сатыбалдина Перизат Алимханкызы, «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Тайжанова Карлыгаш Байкеновна, «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі  Қуанышбекова Гүлнар Қасылқызы және Михаил Русаков атындағы мектеп-интернатының қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Есимбекова Асел Тишпековна, «Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Жакыпбаева Бахыткул Оразхановна мен «Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББ мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жумабаева Мираш Каримхановна.

Оқыту семинарына облыстың 300-ге жуық педагогтері қатысты.