Оқу ісін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы
09-11-2022 21:55
Оқу ісін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі жұмыс  тобының отырысы

     2022 жылдың 9 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы шеңберінде колледждерде оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша жұмыс тобының отырысын өткізді.

     Отырыс барысында оқу ісі жұмысын ұйымдастыру бойынша проблемалық аймақтарды анықтау, өзекті мәселелерді қою, шешу жолдарын анықтау, әдістемелік құралды құру, сонымен қатар «Оқытудың кредиттік-модульдік жүйесі» бағыты бойынша оқыту семинарын өткізу бойынша сұрақтар қаралды.

    Отырысқа облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдары директорларының оқу ісі жөніндегі 8 орынбасарлары қатысты.

    Отырыс соңында қорытындылар шығарылып, шешімдер қабылданды.