Размер шрифта:
Инновациялық мектептердің директорлары және директорлардың орынбасарлары үшін әдістемелік күн
08-11-2022 22:09
Инновациялық мектептердің директорлары және директорлардың орынбасарлары үшін әдістемелік күн

     Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың 8 қарашасында онлайн режимде инновациялық мектеп директорлары және директорлардың орынбасарлары үшін әдістемелік күн өткізді. Әдістемелік күн барысында «Бір отбасы-бір кітап» акциясы аясында «Оқырман отбасы», дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған «Үздік бейнесабақ» байқауларын өткізу және күрделі тақырыптар бойынша бейнесабақтардың жасалуы, «Өнегелі өмір» жобасы аясында кәсіби бағдар беру жайлы пікір алмасты.