Оқу-өндірістік процесті ұйымдастыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы
27-10-2022 23:29
Оқу-өндірістік процесті ұйымдастыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы

      2022 жылдың 27 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөліміоқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарлардың облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының шеңберінде оқу-өндірістік процесті ұйымдастыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді.

Отырысқа облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдары директорларының 8 орынбасары қатысты.

Отырыс барысында оқу-өндірістік жұмысты ұйымдастыру бойынша проблемалық аймақтарды анықтау, өзекті мәселелерді қою, шешу жолдарын анықтау, сонымен қатар «Кәсіптік білім берудегі инновациялар кадрларды даярлау сапасын арттыру құралы ретінде: тәжірибе, фактілер, ізденіс» тақырыбы бойынша облыстық семинар өткізу бойынша сұрақтар қаралды.

Талқылау барысында әр қатысушы өз тәжірибесімен бөлісіп, өз ұсыныстарын айтты.

Қорытындысында жұмыс тобының мүшелерінің жоғарыда айтылған сұрақтар бойынша нақты ұсыныстар беру мерзімдері анықталып, шешімдер қабылданды.