Размер шрифта:
«Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша вебинар
15-11-2022 05:55
«Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша вебинар

      2022 жылдың 15 қарашасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында «Оқуға құштар колледж»тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша вебинар өткізілді.

Баяндамашылар жұмыс тобының мүшелері, облыс колледждерінің жетекші кітапханашылары:

-«Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру тұжырымдамасы мен бағдарламасы туралы», Сулейменова Аймагуль Жастлековна, кітапханашылардың облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы;

-«Поэзияның сиқырлы жолдары: «Стихия» кітабының премьерасы», Сошникова Марина Александровна, «Теміртау жоғары медициналық колледжі» ЖММ  кітапхана меңгерушісі;

-«2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыстар және алдағы іс-шаралар туралы», Горяйнова Татьяна Ивановна, «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК кітапхана меңгерушісі;

-«Қарағанды ​​жоғары политехникалық колледжінде кітап оқуды насихаттау», Шоменбаева Салтанат Сакеновна, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК кітапхана меңгерушісі.

Шараға 45 кітапханашы және колледж директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.