«Студент жастар арасында девиантты мінез-құлықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті арттыру» тақырыбындағы педагогтер мен студенттердің ІІ облыстық ғылыми-практикалық конференциясы
16-11-2022 16:05
«Студент жастар арасында девиантты мінез-құлықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті арттыру» тақырыбындағы педагогтер мен  студенттердің ІІ облыстық ғылыми-практикалық конференциясы

      2022 жылдың 16 қарашасында «Студент жастар арасында девиантты мінез-құлықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті арттыру» тақырыбында педагогтер мен студенттердің ІІ облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Іс-шара педагогтардың қауіп-қатер тобымен және девианттармен жұмыс істеуде девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша педагогтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында өткізілді.

Конференция 2022-2023 оқу жылына арналған облыстық тәрбие жұмысының кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында өтті.

Іс-шараның қонағы полиция майоры, Шығыс ОПП Теміртау қ. ювеналды полиция тобының аға учаскелік инспекторыАскарова А.Б. болды.

Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

- Студент жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыру;

- Жеке тұлға мінез-құлқының теориялық мәселелері;

- Студент жастар арасында ауытқушылықтың алдын алу бойынша ата-аналармен, педагогтармен жұмыс істеу формалары мен әдістері;

- Студенттік ұжымда қолайлы климат құрудың шарттары.

Шараға Қарағанды облысының 50 инженерлік-педагогикалық қызметкерлері мен студенттер қатысты.