Математика және физика оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының шеңберіндегі математика және физика бойынша есептерді шешу бойынша оқытушыларға арналған семинар-практикум
18-11-2022 23:35
Математика және физика оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының шеңберіндегі математика және физика бойынша есептерді шешу бойынша оқытушыларға арналған  семинар-практикум

      2022 жылдың 18 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі онлайн режимде математика және физика оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының шеңберіндегі математика және физика бойынша есептерді шешу бойынша оқытушыларға арналған семинар-практикум өткізді.

Семинар-практикумның мақсаты оқытушылардың шығармашылық әлеуетін ашу және іске асыру. Мәселелерді шешуде практикалық дағдыларды қалыптастыру.

Іс-шараға Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 57 педагогтері қатысты.

Семинар-практикумда спикер ретінде Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің педагогтері, қауымдастырылған профессор Ысқақов Сағындық Әбдірахманұлы, әдіскер-аға оқытушы Төлеуханова Раушан Жұмағазықызы шақырылып, қатысушылармен «Интегралды есептеу» тақырыбын зерттеудегі кейбір әдістемелік аспектілер», «Кеңістіктік фигуралар мен денелер» тақырыптары бойынша өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті.

Сонымен қатар спикерлер ретінде келесі педагогтар баяндама жасады:

Саран техникалық колледжінің математика пәнінің оқытушысы Мария Александровна Горюшкина «Математика» курсының міндеттерімен колледждегі кәсіби бағытымен таныстырды.

Шахтинск технологиялық колледжінің директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, математика оқытушысы, Тарасова Валентина Сергеевна, сонымен бірге математика оқытушысы Гудовщикова Александра Игоревна математика сабақтарында «Веб-квест» құру міндеттерін талдау әдістерімен таныстырды.

Семинар-практикум барысында спикерлер осы бағыттардағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Ұсынылған барлық материалдар мүдделі тараптарға өздерінің кәсіби қызметінде одан әрі пайдалану үшін жіберілді.