Размер шрифта:
Инженерлік сала бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының Гран-приі
21-11-2022 12:04
Инженерлік сала бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының Гран-приі

      2022 жылдың 10-11  қарашасында Өскемен жоғары политехникалық колледжінде инженерлік сала бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтері арасында кәсіптік шеберліктің II-ші республикалық конкурсы өтті.

Конкурсқаарнайы пәндер оқытушылары, республикамыздың Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Жетісу облыстарынан өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Конкурстыңсалтанатты ашылуы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының қолдауымен өтті.

Білім басқармасының кәсіптік білім беру орталығы директорының әдістемелік және ұйымдастыру жұмысы жөніндегі орынбасары Өтепова Замзагүл Шаймұхамедқызы салтанатты сөз сөйлеп, конкурсқатысушыларына сәттілік тіледі. Конкурстық сынақтар барысында педагогтар еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша даярлық деңгейін айқындау үшін «Гоша» макетін механикалық беру мен реанимациялаудың практикалық оқыту, әзірлеу және жобалау элементтерін көрсетті.

Конкурс тәжірибе алмасу алаңына айналды, педагогтардың жұмысына жаңа көзқараспен қарауға, педагогтардың кәсіби қызметіне жаңашылдық пен лайфхактар қосуға мүмкіндік берді. Барлық модульдер белгілі бір критерийлер бойынша бағаланды, бұл қатысушылардың нәтижелерін ашық бақылауға мүмкіндік берді. Қазылар алқасы жұмысының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

Бас жүлде Қарағанды машина жасау колледжінің оқытушысы Дудник Маргарита Георгиевнаға берілді. Қарағанды облысында білім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығы атынан Маргарита Георгиевнаны,Қарағанды машина жасау колледжінің ұжымынреспубликалық конкурста лайықты жеңісімен құттықтаймыз.

 

ҚО ББД ОӘО әдіскері        О. Н. Кирпан