«Студенттік хоббиден бастап табысты бизнеске дейін» V облыстық дайын бұйымдар жәрмеңкесі
18-11-2022 10:28
«Студенттік хоббиден бастап табысты бизнеске дейін» V облыстық дайын бұйымдар жәрмеңкесі

      2022 жылдың 18  қарашасында Қарағанды облысында  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  Ж.К.Букенов атындағы Қарағанды Банк колледжімен бірлесіп  қаржылық сауаттылық апталығы аясында студенттер мен  оқушылар арасындағы «Студенттік хоббиден бастап табысты бизнеске дейін» V облыстық дайын бұйымдар жәрмеңкесін  өткізді.

Дайын өнімдер жәрмеңкесі қазіргі заманғы экономикалық ойлау мен экономикалық мәдениетті, кәсіпкерлік бастаманы қалыптастыру және кәсіпкерлік қызметке қызығушылықты ынталандыру мақсатында өткізілді.

Жәрмеңкеге Қарағанды облысы мектептерінің 15 оқушысы мен колледждердің 81 студенті қатысып, handmade қағидаты бойынша орындалған өз бұйымдарын (жұмыстарын):  картиналар, әшекейлер, ойыншықтар, ашық хаттар, кәдесыйлар, тоқылған бұйымдар, аспаздық өнімдер және т.б. әр түрлі өте қызықты техника мен нысанда таныстырды. Жәрмеңке нәтижесі бойынша номинанттар анықталды.

«Сату көшбасшысы» номинациясында:

  • Қанатова Мадина, Ерқасым Айдана, Бодан Нұрбибі, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК студенттері,  жетекшісі Аманбекова Нургул Азибековна;
  •  Майкутова Полина Сергеевна, Титова Екатерина Александровна, Доронина Полина Владимировна, «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КММ студенттері,  жетекшісі Муртазина Айсулу Бахитжановна;
  • Балтина Алина Талгатовна, Данильченко Анжелика Андреевна, «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ  студенттері,  жетекшісі Калько Ольга Николаевна.

«Жыл дизайнері» номинациясында:

  • Тен Мария Анатольевна, Әбдікеш Еркеназ Болатқызы, Ілияс Гаухар Қаирберліқызы «Білім-инновация» лицей-интернаты КММ білім  алушылары, жетекшісі Аукенова Индира Мадиярқызы;
  • Жуковская Ева, Авдонина Ксения, Смотрицкая Валерия,  «№3 Гимназия» КММ білім  алушылары, жетекшісі Алибаева Марина Сергеевна.

 «Үздік сауда орны» номинациясында:

  • Есмағанбетова Бибінұр Мұратқызы,  Жұмабай Әйгерім Талғатқызы, Кенжебек Зухра Маратқызы, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК студенттері,  жетекшілері Рахимбаева Танжарик Қойшыбаевна, Избасаров Даулет Избасарович,   Кусайнова Нуржамал Дулатовна;
  • Нургалиев Диас Толегенович,  Масленникова Анастасия  Ивановна,  Глотова Анастасия Дмитриевна, Менусманов Георгий Алексеевич, Тулебаев Мерас Бексатович, «Теміртау индустриалды- технологиялық  колледжі» КММ студенттері,  жетекшілері Джарылгасова Алма Жиенбаевна, Митрушова Светлана Николаевна, Жунусова Альмира Мажитовна, Жусипов Жанибек Аблаевич.

«Үздік баға саясаты» номинациясында:

  • Асқар Дарын Дулатұлы,  Өмірбек Айгерім,  Ибадуллаев Ынтымақ, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенттері,  жетекшісі  Айтман Елдос Ерғазыұлы;
  • Сакенова Анель Кайракбаевна, Амантаев Алдияр Еркебуланович, Проскуряков Михаил Вечаславович, Гунькина Ксения Дмитриевна, Дорощук Ева Руслановна, Колзова Карина Андреевна, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ инновациялық технологиялар колледжі студенттері,  жетекшісі Джолдаспаева Саулет Джунсалиевна.

 «Ең кең ассортимент» номинациясында:

  • Монченко Вероника Геннадьевна, Майер Юлия Вечеславовна, Барвих  Альбина Викторовна, Гафарова Дарья Владимировна, «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК  студенттері,  жетекшілері Усипбекова Замира Налибайқызы, Бимакаева Асель Кашкинбаевна, Цыганкова Валентина Владимировна, Можанина Наталья Евгеньевна.

Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.