Размер шрифта:
Қарағанды облысының мамандандырылған мектеп-лицей интернаттарының мұғалімдері арасында «Жыл мұғалімі» облыстық іріктеу байқауының екінші кезеңі
17-11-2022 10:33
 Қарағанды облысының мамандандырылған мектеп-лицей интернаттарының мұғалімдері арасында «Жыл мұғалімі» облыстық іріктеу байқауының екінші кезеңі

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылы 14-17 қараша аралығында Қарағанды облысының мамандандырылған мектеп-лицей интернаттарының мұғалімдері арасында «Жыл мұғалімі» облыстық іріктеу байқауының II кезеңі өткізілді.

Іріктеу кезеңіне 9 педагог қатысты. Байқаудың әрбір қатысушысы ашық сабақ және сыныптан тыс іс-шара өткізді.

Қатысушылардың жұмысын құзыретті қазылар алқасы бағалады. Оның құрамына Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығының, Қарағанды облысы бойынша «Өрлеу» филиалының біліктілікті арттыру институтының, Қарағанды қаласы филиалының педагогикалық шеберлік орталығының, «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім берудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығының, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі», Қарағанды қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің өкілдері және 2019 жылғы «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы кірді.