Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының жеңімпаздарымен кездесу
08-02-2023 17:29
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық  «Алтын тұғыр» олимпиадасының жеңімпаздарымен кездесу

      Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жас педагогтердіңкәсіби шеберлігін арттыру, талантты ұстаздарға қолдау көрсету мақсатында 2023 жылдың 08 ақпанында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының жеңімпаздары  Қарағанды қаласы №45 гимназияның мұғалімі Капинос Наталья Валериевна және №97 гимназияның мұғалімі Романовская Лариса Валерьевнамен кездесу өтті.  Кездесуге Қарағанды қаласы жас педагогтері қатысты. Кездесу оқу-әдістемелік орталығының 1 қабатында орналасқан «JAÑASHYL USTAZ» жас мамандар шеберханасына және мұражайға саяхат жасалды. Кездесуді оқу-әдістемелік орталығы директоры Абдикерова Бакиткуль Химальдиновна жеңімпаз ұстаздарымызды құттықтап, алғыс хатпен марапаттады. 

Капинос Наталья Валериевна және Романовская Лариса Валерьевна жетістікке жету жолындағы еңбектерімен, жетістіктерімен бөлісе отырып жас педагогтеріміздің жүрегінде мұғалімдік қызметке деген ұшқынды тағы бір мәрте жандырды. Өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, жас мамандардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында жас педагогтерге «Ұстазға 10 кеңес» жинақтары таратылды.