Ресурстық орталықтар (Тірек мектептері) және шағын жинақты мектептер директорларына, директорлардың орынбасарларына арналған әдістемелік күн
08-02-2023 08:22
Ресурстық  орталықтар  (Тірек  мектептері)  және  шағын  жинақты  мектептер  директорларына,  директорлардың  орынбасарларына  арналған  әдістемелік  күн

      Қарағанды  облысында  білім  беруді  дамытудың  оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылдың 08 ақпан күні онлайн  режимінде  Ресурстық  орталықтар  (Тірек  мектептері)  және  шағын  жинақты  мектептер  директорлары,  директорлардың  орынбасарлары  үшін  әдістемелік  күн  өткізді.

     Әдістемелік  күн  барысында  келесі  сұрақтар талқыланды:

  1. Білім  саласындағы  проблемалық  сұрақтар. Білім  сапасын  бағалау  жүйесін  жетілдіру.             
  2. Педагогтерді  аттестаттаудың  Ережесі.  
  3. Бастауыш  сынып  мұғалімдеріне арналған  «Алтын  тұғыр» өңірлік  олимпиадасының  талдауы  және  «Логика күнін»  өткізу барысы  туралы.

          Әдістемелік  күнге  қатысушылар     өздерін  толғандырып  жүрген  сұрақтар  бойынша  жауаптар  алды.

    Өткізілген  шараға  210  педагог  қатысты.