Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі бойынша шеберлік сабақтар
08-02-2023 08:26
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған  білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі  бойынша шеберлік сабақтар

      2023 жылдың 8 ақпанында  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне ZOOM платформасы арқылы білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі бойынша шеберлік сабақтар өткізілді.

Мақсаты: оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау бойынша ақпарат беру және оқушылардың мәтіндермен жұмыс жасау дағдыларын дамыту жолдары бойынша тәжірибе алмасу.

ҚО ББД ОӘО әдіскері  Г.Б. Жаркеева Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, 2022; Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2022 ж.  ұсынған Қарағанды облысы бойынша «Білім алушылардың білім жетістіктері мониторингіне қатысқан орта білім беру ұйымдары үшін әдістемелік ұсынымдар» көмекші құралымен таныстырып, нәтижесі бойынша талдау жасап өтті.

              Шеберлік сабақтар берген педагогтер:

1.    Асанова Сандугаш Бакбергеновна,«Ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-лицей интернаты;

2.    Маженова Алма Аязбаевна,«Озат» ақпараттық технологиялар» ММЛ;

3.    Зейтова Анар Амантаевна, Абай ауданы  Прокофий Корниенко атындағы ЖББМ.

Шараға облыстың 100-ден аса педагогтері қатысты.