«АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАДАМ» ОБЛЫСТЫҚ АГРОСЫНЫП ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ
09-02-2023 14:06
«АУЫЛ  ШАРУАШЫЛЫҒЫНА  ҚАДАМ»  ОБЛЫСТЫҚ АГРОСЫНЫП  ЖОБАСЫНЫҢ  ЖҮЗЕГЕ  АСЫРЫЛУЫ

      Қарағанды  облысында  білім  беруді  дамытудың  оқу – әдістемелік  орталығының  жоспарына  сәйкес  2023  жылдың  9  ақпан  күні  онлайн  режімінде  «Ауыл  шаруашылығына  қадам»  агросынып  жобасын  жүзеге  асыруда      іс - шаралардың  ұйымдастырылуы»   тақырыбында  облыстық   вебинарөткізілді.

          Вебинарда жобаға енген  Бұқар жырау  және  Нұра  аудандарының    білім  беру  ұйымдары  кәсіби  бейіндік агросынып  жобасын  жүзеге  асыру  жұмыстарымен таныстырды.  Бұқар жырау ауданының   «Керней» Тірек мектебінің биология пәні мұғалімі Макашева Б.К.,   Нұра ауданының  М.Сүлейменов атындағы Тірек мектебінің әдіскері Аубакиров Б.Е. және С.Талжанов атындағы ЖББМ директоры Сулейменова Г.А.    «Жылыжай  жұмысын  ұйымдастыру  арқылы  кәсіптік  бағдар  беру»,  «Білім  алушыларды  ауыл  шаруашылық  мамандықтарына  бейімдеу», «Шипалы  өсімдіктерге  бай – Ақмешіт  ауылы» тақырыптарында    өз  іс – тәжірибелерімен  бөлісіп, алда  атқаратын  жұмыс  жоспарларымен  таныстырды.

          Вебинарға  қатысушылар жобаны жүзеге асыру бойынша әріптестерінің жақсы жұмыстарын  атап  өтіп, сұрақтарын қойды.

Вебинар  жұмысына    85  педагог  қатысты.