Арнайы мектеп-интернаттар, БҚО, КТБО және балалар үйлері директорлары мен директордың орынбасарлары үшін әдістемелік күн
09-02-2023 14:33
Арнайы мектеп-интернаттар, БҚО, КТБО және балалар үйлері директорлары мен директордың орынбасарлары үшін әдістемелік күн

      2023 жылдың 19 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы арнайы білім беру ұйымдарының директорлары мен директорының орынбасарлары үшін әдістемелік күн өткізді.

Кездесу барысында келесі сұрақтар талқыланды:

- арнайы білім беру ұйымдарының педагогтерін аттестаттау туралы;

- «Зейін» әлеуметтік-педагогикалық жобасын іске асыру туралы;

- оқытудың ақпараттық нысандары және электрондық білім беру бөлімі іске асыратын жобалар туралы;

- психологиялық қызметінің жұмысы туралы ережелері.

Талқылау қорытындысы бойынша шешім қабылданды.