Размер шрифта:
«Білімал. ПедАтт» автоматтандырылған басқару жүйесі бойынша Оnline-оқыту семинары
01-03-2023 17:45
«Білімал. ПедАтт» автоматтандырылған басқару жүйесі бойынша  Оnline-оқыту семинары

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылдың 27, 28 ақпанында  "Өрлеу" АТО менеджерлерімен бірлесіп ZOOM конференциясында Қарағанды облысының білім беру ұйымдарына, балабақшаларына, қосымша білім беру ұйымдарына , техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне  арналған  «Білімал. ПедАтт» жүйесі бойынша оқыту семинарын өткізді.

Оқытуды «Өрлеу» АТО компаниясының менеджерлері С.А. Амалбекова және А.К. Елтай жүргізді.Тыңдаушылардың сұрақтарына облыстық сараптама кеңесінің хатшысы А.З.Мухамедьярова жауап берді.

Онлайн-оқыту семинарына 2514 адам қатысты.