Размер шрифта:
«Био-молекула» заманауи биология туралы үздік ғылыми-танымал жұмысқа облыстық байқауы
28-02-2023 08:25
 «Био-молекула» заманауи биология туралы үздік ғылыми-танымал жұмысқа облыстық байқауы

      2023 жылдың 23 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы   Қарағанды техникалық-құрылыс  колледжімен бірлесіп техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру  ұйымдары педагогтарының арасында «Био-молекула» тақырыбында  заманауи биологиядағы ең үздік ғылыми-көпшілік  жұмыстарға арналған  облыстық байқауөткізді.

Байқаудың мақсаты қазіргі заманғы Био және Эко-білім берудің өсіп келе жатқан рөлі жағдайында Қарағанды облысы колледждері педагогтарының шығармашылық, зерттеу дағдыларын дамыту.  

Байқауға 14 колледждің  педагогтары қатысты.

Қатысушылар өз жобаларының тұсаукесерін өткізді. Қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

1 орын –  «ДНҚ молекуласы»  жобасымен  «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК оқытушысы Наталья Ивановна Терлюк;

2 орын –  «Нефрон құрылысы» жобасымен «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ оқытушысы Гулмира Мухатаевна Токмурзина;

3 орын –  «Корона вирусы» жобасымен «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ Мейіргерлік білім беру мектебі оқытушысы Дамеля Кайратовна Резина.

Номинациялар:

«Шығармашылық модель» - «Өсімдік жасушасының моделі» жобасымен «Қарағанды «Bolashaq»  жоғары  колледжі» ЖММ  оқытушысы Айгуль Абсадыковна Есмагамбетова;

«Модель жасаудағы  ғылымилық» - «Вирустар» жобасымен «Қарағанды  технология және сервис колледжі» КММ оқытушысы Жанар Сейткуловна Шакимова;

«Креативті модель» - «Көрнекі анализатор» жобасымен «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» КМК оқытушысы Айнур Крымбаевна Сарсембаева.

Қатысушылар  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталды.