Размер шрифта:
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы
03-03-2023 08:40
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы

      Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен 2023 жылдың 1-3 наурызы күндері жас педагогтер арасында «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы өткізілді.

Олимпиада барысында қатысушыларға кәсіби педагогикалық қызмет деңгейін көрсетіп, Қазақстанда және өз өңірінде білім беруді дамытуға ықпал ете алатын өзінің бірегей идеясын TED-х форматында ұсыну мүмкіндігі берілді.

Олимпиадаға Қарағанды облысынан үш педагог қатысып, «Жас педагогтер» бағыты бойынша келесі педагогтер марапатталды:

 I орын - Еділбай Айтөре Алтынбекұлы, «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ математика пәнінің мұғалімі.

 III орын - Нұржанова Перизат, Бұқаржырау ауданының «Үштөбе тірек мектебі (РО)» КММ биология пәнінің мұғалімі.

Ал Жамарханова Ардақ Асқарқызы, Приозерск қаласының «№1 жалпы білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен марапатталды.

Біздің жас педагогтерімізді жеңіске жетулерімен шын жүректен құттықтаймыз, сондай-ақ оқу - тәрбие процесінде жаңа инновацияларды іздеуде және іске асыруда одан әрі табыстар тілейміз!