Размер шрифта:
«Педагогикалық идеялар фестивалі» Республикалық педагогтар байқауы
05-03-2023 08:43
«Педагогикалық идеялар фестивалі» Республикалық педагогтар байқауы

      4-5 наурызда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауының қорытындысын шығарды.

Фестиваль барысында әрбір қатысушы TED-x форматында таратуға лайық педагогикалық идеясын ұсынды.

Фестиваль мектеп басшылары мен мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, түрлі бағыттағы пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіруге және педагогикалық тәжірибе алмасуға бағытталған.

          Облысымыздан байқауға он мұғалім қатысты.

Байқау нәтижесінде төмендегі ұстаздар марапатталды:

Қоғамдық гуманитарлық бағыттағы пәндер бағыты (орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері) бойынша:

1 дәрежелі диплом - Амангельдинова Багдат Ибрахимовна, Қарағанды қаласының «С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

«Психологтың қоржыны» бағыты (психологтар, логопедтер, әлеуметтік педагогтер, дефектологтар) бойынша:

          2 дәрежелі диплом - Ким Ольга Олеговна, логопед-мұғалім, «№6 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КМҚК.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер (қазақ тілі мен әдебиеті) бойынша:

3 дәрежелі диплом - Абдрахманова Арай Владимировна, «Білім-ИННОВАЦИЯ №2» лицей-интернаты» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Физика – математикалық бағыттағы пәндер (математика, физика, информатика)  бойынша :

3 дәрежелі диплом - Попова Марина Владимировна, Қарағанды қаласының «Қ.Нұржанов атындағы гимназия» КММ математика пәнінің мұғалімі.

«Қолданбалы цикл» бағыты (дене шынықтыру, технология, қолөнер, АӘД, сәндік-қолданбалы өнер, музыка) бойынша:

3 дәрежелі диплом - Головчанская Юлия Михайловна, Саран қаласының  «№ 6 ЖОББМ» КММ көркем еңбек мұғалімі.

«Сабақ аяқталған соң...» бағыты  (сынып жетекшілері, тәрбиешілер, мектепке дейінгі білім берудің педагогикалық қызметкерлері)  бойынша:

3 дәрежелі диплом - Карпов Илья Борисович, педагог-ұйымдастырушы, Саран қаласының «№2 ЖОББМ» КММ.

 «Дарын»  республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен марапатталған педагогтер:

Тусупханова Бану Амановна, Шет ауданының «Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназия» КММ директорының орынбасары;

Ткачева Марина Анатольевна, Абай ауданының «Қ. Сәтбаев атындағы Қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ бастауыш сынып мұғалімі;

Шибаева Салиман Рамазановна, «Дарын» ММЛИ химия пәнінің мұғалімі;

Адамбаев Шалгар Серикұлы, Қарағанды қаласының «№ 100 кешкі мектебі»  КММ тарих пәнінің мұғалімі.

Ұстаздарымызды лайықты жеңістерімен  құттықтаймыз!