Размер шрифта:
«Web-мастер» жобасы аясындағы «Сайт құру» облыстық байқауы
14-03-2023 08:56
«Web-мастер» жобасы аясындағы  «Сайт құру» облыстық байқауы

      Байқау танымдық қызығушылықтарды қалыптастыру, инновациялық құзыреттіліктерді, WEB-технологиялар саласындағы шығармашылық қабілеттерді дамыту, сондай-ақ облыстың білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды дамыту мақсатында өткізілді.

Байқау 2 кезеңде өтті:

I кезең-сырттай кезең: 22.02.2023-03.03.2023 ж.

Конкурстың сырттай кезеңі күндізгі кезеңге қатысушыларды анықтау мақсатында қашықтықтан өткізілді.

Байқаудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар екінші кезеңге жіберілді.

II кезең - облыстық деңгей, 2023 жылғы 9 наурызда өткізілді. Байқаудың күндізгі кезеңінде қатысушылар өздерінің веб-сайттарын қорғады.

2023 жылғы 14 наурызда ZOOM платформасында байқауға қатысушыларды марапаттау өткізілді.

«Сайт құру» облыстық байқауының қорытындысы:

- «Үздік тәжірибелік жұмыс» номинациясы - Аманжол Қарақат Аманжолқызы, Байжуманова Лайлим Канатовна, Оразалы Карлыгаш Мақсымбекқызы, Балқаш қаласының «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ  информатика пәнінің мұғалімдері;

- «Үздік техникалық шешім» номинациясы - Мұратбек Айганат, Осакаров ауданының «Әлихан Бөкейхан атындағы Тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ информатика пәнінің мұғалімі;

- «Үздік дизайн» номинациясы - Мухаметжанова Ляйля Курмангазиевна, Қарағанды облысы «Зияткер» ММИ информатика пәнінің мұғалімі;

3 орын- Галицина Лариса Николаевна, Валерия Игоревна Подшивалова, Балқаш қаласының «Ә. Ермеков МЛ» информатика пәнінің мұғалімдері;

2 орын- Мациевская Дарья Олеговна, Шахтинск қаласының «№2 ЖББМ» КММ информатика пәнінің мұғалімі;  

1 орын- Карабекова Динара Кайраткызы, Қарағанды қаласының «№73 НОМ» КММ информатика пәнінің мұғалімі марапатталады.

 

Байқаудың барлық жеңімпаздарын құттықтаймыз!