ҮШ ӨЛШЕМДІ КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛЬДЕУ БОЙЫНША ЧЕМПИОНАТ
24-03-2023 14:27
ҮШ ӨЛШЕМДІ КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛЬДЕУ БОЙЫНША ЧЕМПИОНАТ

2023 жылдың24 наурызында Қарағанды облысындабілім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығы «Болашақ инженерлері» жобасы аясында үш өлшемді компьютерлік модельдеу бойынша чемпионат өткізді. Үш өлшемді компьютерлік модельдеу бойынша Чемпионат білім алушылардың инженерлік үш өлшемді модельдеуге қызығушылығын қалыптастыру үшін жағдай жасау мақсатында өткізілді.Чемпионатқа қатысушыларға қажетті техникалық жабдықтармен жарақтандырылған ұйымдастырылған мамандандырылған алаңда тапсырмалар ұсынылды (графикалық жұмыс станциялары және қажетті бағдарламалық құралдармен жабдықталған АСКОН КОМПАС-3D, Autodesk Inventor, PTC Creo Parametric).

Чемпионатқа 6-11 сынып оқушылары 43 жұмыс тапсырылды. Күндізгі кезеңіне 23 жұмыс іріктелді.

ЧЕМПИОНАТТЫҢ КҮНДІЗГІ КЕЗЕҢІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША 12-13 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ САНАТТАР АРАСЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ:

І орын- Аушахманов Джахангир, Қарағанды қ.  «Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ оқушысы.

ІІ орын-Жанат Ислам, «Н. Нұрмақов атындағы ММЛИ»  КММ оқушысы.

ІІІ орын-Болат Муслим, «Н. Нұрмақов атындағы ММЛИ»  КММ оқушысы.

Номинация «Үздік орындау» –Каршыгин Нурислам, «Н. Нұрмақов атындағы ММЛИ»  КММ оқушысы.

ЧЕМПИОНАТТЫҢ КҮНДІЗГІ КЕЗЕҢІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША 14-16 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ САНАТТАР АРАСЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ:

І орын– Малышев Андрей, Бұқар Жырау ауданының «Токарев тірек мектебі (РО)» КММ оқушысы.  

ІІ орын-Сериков Арман, «Н. Нұрмақов атындағы ММЛИ»  КММ оқушысы

ІІІ орын-Аман Темірлан, Қарағанды қ.  «Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ оқушысы.

Чемпионат жеңімпаздарын құттықтаймыз!!!