Қазақ поэзиясының өкілі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Серік Ақсұңқарұлы шығармашылығына арналған дәст
29-03-2023 21:34
Қазақ поэзиясының өкілі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Серік Ақсұңқарұлы шығармашылығына арналған дәст

   2023 жылдың 28 наурызында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің базасында Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының үйлестіруіменҚазақ поэзиясының өкілі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Серік Ақсұңқарұлы шығармашылығына арналған дәстүрлі облыстық оқулары өтті.  

     Дәстүрлі облыстық С.Ақсұңқарұлы оқуларынның мақсаты қазақ әдебиеті тарихында  Қазтуған, Доспамбет жыраулардан басталған, Махамбет, Мәди, Қасым ақындар жалғастырған азаматтық лириканың қазіргі сардар жыршысы, Алаш арыстарының бүгінгі тұяғы, жыр әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар ақын, публицист, аудармашы С.Ақсұңқарұлының  шығармаларын насихаттау, дарын иесіне құрмет көрсетуболып табылады.

    Байқауға  Қарағанды  облысында білім беру  ұйымдарының  8-9 сынып  оқушылары қатысты.

   Шараның  құрметті  қонағы ақын Серік Ақсұңқарұлы өз шығармашылығынан өлең оқыды.

   Байқауүш бағыттан тұрды:«Аруы адамзаттың – өлең деген!», «Мен – һас сақтың қара өлеңі...»,«Жүрекке жақын әндер».

   Байқау барысында оқушылар ақын С.Ақсұңқарұлының құндылығы жоғары шығармаларын жатқа әрі мәнерлеп оқыды, талапкер ақындар өз шығармашылығынан өлеңдерін ұсынды, отансүйгіштік бағытындағы жалпы адами құндылықтарды ашатын әндерді орындады.

   Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы сыни тұрғыдан бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

«Аруы адамзаттың –өлең деген!» тақырыбындағы бағыт жеңімпаздары:  

І орын: Дильназ Фуркатовна Шеримкулова, М.Мәметова атындағы ЖББМ, жетекшісі Бахтыкуль Амангельдиновна Курмангалиева

ІІ орын: Дана Жайлаубайқызы Хасенова,    Н.Әбдіров атындағы ЖББМ, жетекшісі Гүлмарал Ғалымбекқызы Ғалымбекова

ІІІ орын: Шынасыл Русланқызы Амангелді, Абай атындағы мектеп-гимназиясы, жетекшісі Асел Бегайдаровна Еракынова.

 

«Мен – һас сақтың қара өлеңі...» тақырыбындағы бағыт жеңімпаздары:

І орын:  Нұрдәулет Базарбек, Бұқар жырау ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ, жетекшісі Нұргүл Сержанқызы Даулетбай

ІІ орын: Мадина Жырымбай, Бұқар жырау ауданы, А.Байтұрсынұлы атындағы ЖББМ, жетекшісі Жанар Жабуловна Какенова

ІІІ орын: Әлібек Орынтай, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы» КММ, жетекшісі Жанагул Нурмухановна Тусжанова.

 

«Жүрекке жақын әндер»  тақырыбындағы бағыт жеңімпаздары:

І орын: Әділ Нұралыұлы Нұралы, Бұқар жырау ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ, жетекшісі Нұргүл Сержанқызы Даулетбай

ІІ орын: Гульфайруз Нурсуланқызы Орынбаева, Балқаш қаласы,  С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы КММ, жетекшісі Манара Жантілеуқызы      Қабиден

ІІІ орын: Нұрайлым Айбекова, «Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ, жетекшісі Гүлжанат Сапарқызы Касымова.

Жеңімпаздар дипломдармен, қатысушылар сертификаттармен марапатталды.