Размер шрифта:
Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн
30-03-2023 12:04
Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылдың наурыз айының 30-ы күні ZOOM платформасында ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:

-«RoboLand-2023» робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың VIIІ фестивалін өткізу туралы;

-Қарағанды облысы педагогтерінің «Болашақтың білімі: тенденциялар, міндеттер және жаңа мүмкіндіктер» ғылыми-тәжірибелік конференциясы;

-2022-2023 оқу жылының 3 тоқсан электрондық журналды толтыру бойынша  мониторингі;

  •  «IT сарапшы» жобасы аясында облыстық байқауын өткізу туралы.

Әдістемелік күнге 25 әдіскер және білім беру ұйымдарының директорларының орынбасарлары қатысты.