Размер шрифта:
Флористика құзыреттілігі бойынша Abilympics-2023 байқауы
19-04-2023 11:54
Флористика құзыреттілігі бойынша Abilympics-2023 байқауы

      2023 жылдың 19 сәуірінде «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК базасында «Worldskills Karaganda-2023» аймақтық чемпионатының екінші байқау  күні Абилимпикс халықаралық қозғалысы аясында 14 жастан бастап мүмкіндігі шектеулі балалар арасында«Флористика» құзыреттілігі бойынша Abilympics-2023 байқауы өтті.

Байқау мақсатты:

- мүмкіндігі шектеулі жандардың кәсіби тәуелсіздікке деген ұмтылысын арттыру және олардың кәсіби дағдыларын жетілдіру;

- мүмкіндігі шектеулі жандардың кәсіби мүмкіндіктерін қоғамдық қабылдауды және олардың әлеуметтік-экономикалық өмірге қатысуын жаңа деңгейге көтеру;

- кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру.

Байқауға «№ 6 арнайы мектеп-интернат» КММ оқушылары қатысты.

Байқау екі модуль бойынша өтті: 1 - модуль - флорариум жасау; 2- модуль - бөлмелі бақша.

Қатысушылардың жұмыстарын құзыретті қазылар алқасы бағалап, әр модуль бойынша жеңімпаздар анықталды.

1 Модуль – Флорариум жасау бойынша:

1 - орын –Виктор Туринцев

2 - орын –Павел Нейзвестный

3 - орын – Нурканат Танат

2 Модуль – бөлмелі бақша бойынша:

1 - орын –Диана Шимпф

2 - орын –Валерия Швенглер

3-  орын – Сабира Нагамбетова

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!