«WorldSkills Karaganda-2023» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты
19-04-2023 12:06
 «WorldSkills Karaganda-2023» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты

      2022 жылдың 19 мамырында Қарағанды теміржол колледжінің базасында төмендегі құзіреттіліктер бойынша конкурстық тапсырмаларды орындау жұмыстары басталды:

"Жүктерді экспедициялау"– 6 қатысушы және 6 сарапшы; "Теміржолдың жай-күйін бақылау"– 6 қатысушы және 6 сарапшы; "Локомотивті басқару"– 4 қатысушы және 4 сарапшы; "Теміржол көлігіндегі автоматика және телемеханика"– 4 қатысушы және 4 сарапшы; "Теміржол көлігіндегі тасымалдау процесін басқару"– 5 қатысушы және 5 сарапшы; "Теміржол көлігінің технологиясы" – 5 қатысушы және 5 сарапшы. 

Сарапшылар арасында «объективті пікір», «субъективті пікір» бойынша рөлдерді бөлу жүзеге асырылды. Әр алаңда әлеуметтік серіктестер атынан 2 тәуелсіз сарапшыдан қатысты. Бағдарлама бойынша модульдік тапсырмалар құзыреттеріне қарай 6 жұмыс алаңында  орындалды.

Бір күннің жұмысын қорытындылай келе, сарапшылар қатысушылардың жұмыстарын модульдер  критерийлері бойынша бағалады.