Размер шрифта:
WorldSkills Karaganda-2023 аймақтық чемпионатының ашылуы
18-04-2023 12:42
WorldSkills Karaganda-2023 аймақтық чемпионатының ашылуы

      2023 жылдың 18 сәуірінде Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің базасында "Бастауыш сыныптарда оқыту", "Мектепке дейінгі тәрбие"құзыреттіліктері бойынша WorldSkills Қарағанды-2023 өңірлік чемпионатының ашылуы өтті.

Конкурсқа облыстың 6 колледжінен 11 студент қатысады. Бағдарламаға сәйкес қатысушылар арасында жеребе және нұсқама өткізілді.

"Бастауыш сыныптарда оқыту", "Мектепке дейінгі тәрбие" мамандықтары бойынша халықаралық тәуелсіз сарапшылар Үміт Көбестайқызы Зейнетуллина мен Валентина Петровна Федулова сарапшылар үшін дөңгелек үстел өткізді, онда WorldSkills халықаралық қозғалысының бағыттары бойынша заманауи үрдістер талқыланды.