Размер шрифта:
«WorldSkills Karaganda-2023» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының ашылуы
18-04-2023 12:59
«WorldSkills Karaganda-2023» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының ашылуы

      2023 жылдың 18 сәуірінде «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК базасында «Электроника», «Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу»  құзыреттіліктері бойынша «WorldSkills Karaganda-2023» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.

          Байқауға облыстағы 12 колледжден 12 студент қатысады. Бағдарламаға сәйкес, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама, қатысушылар арасында жеребе тарту, және жұмыс орындарын дайындау, құзыреттер бойынша сарапшылар кеңесі өтті.