«WorldSkills Karaganda-2023» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты
19-04-2023 00:19
«WorldSkills Karaganda-2023» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты

      2023 жылдың 19 сәуірінде Қарағанды техника-құрылыс колледжінде «Сырлау және декоративті  жұмыстар», «Плиткамен қаптау», «Кірпіш қалау», «Өнеркәсіптік дизайн», «Сантехника және жылыту», «Электрмонтаждық жұмыстар», «Визуалды мерчендайзинг және витринистика» құзыреттері бойынша «WorldSkills Karaganda-2023» аймақтық чемпионатының екінші сайыс күні өтті.

Чемпионаттың барлық қатысушыларына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық өткізілді, жұмыс орнын дайындау ұйымдастырылды.

Әр құзырет конкурсанттары бағдарламаға сәйкес модульдер бойынша тапсырмаларды орындады.

Күннің қорытындысы бойынша сарапшылар критерийлерге сәйкес конкурстық тапсырманы бағалауды жүргізді.