Размер шрифта:
«WorldSkills Karaganda-2023» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты
19-04-2023 00:52
«WorldSkills Karaganda-2023» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты

      2023 жылдың 19 сәуірінде  «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК базасында «Электроника», «Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу» құзыреттері бойынша байқау тапсырмаларын орындаудың екінші күні өтті.

Бағдарламаға сәйкес қатысушылар келесі модульдер бойынша байқау тапсырмаларын орындады. ««Электроника» құзыреті: А1 модулі-схемотехника; А2 модулі - баспа платасының дизайны.

«Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу» құзыреті: А модулі жұмысты ұйымдастыру; В модулі - дизайнның қысқаша түсіндірмесі; С модулі – Арт концепт.

Барлық қатысушылар модульдер бойынша тапсырмаларды орындады. Байқау соңында жұмыстарды сарапшылар бағалады. Бағалау нәтижелері CIS жүйесіне енгізілді.