«Музыканы оқыту» құзыреттілігі бойынша "Worldskills-Karaganda 2023" өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты
20-04-2023 08:48
«Музыканы оқыту» құзыреттілігі бойынша

      2023 жылдың 20 сәуірінде Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің базасында «Музыканы оқыту» құзыреттілігі бойынша "Worldskills" чемпионатының қорытынды күні өткізілді.

Қатысушылар А-3 модулі бойынша мектептегі музыка сабағының үзіндісі - белгілі бір уақыт ішінде импровизацияланған мектеп ұжымымен мектеп репертуарының әнін үйретті, А-4 шулы оркестр модулінде конкурсқа қатысушы белгілі бір уақыт ішінде дайындық процесін және балалардың шулы аспаптармен ырғақты импровизацияның концерттік  орындалуын ұйымдастырды, А-5 модулінде қазақ және әлемдік музыкалық әдебиет  бойынша музыкалық викторина, А-6 Модулі  а, capella - белгілі бір уақыт ішінде таңдалған қазақ әнін а, capella жанрында (сүйемелдеусіз) орындауда өз шеберліктерін танытты.

Күннің соңында чемпионаттың салтанатты жабылуы өтті, қатысушыларға және жетекшілеріне Қарағанды облысы білім басқармасының сертификаттары табыс етілді.