Размер шрифта:
«WorldSkills Karaganda-2023» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты
20-04-2023 10:52
«WorldSkills Karaganda-2023» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты

      2023 жылдың 20 сәуірінде "Жүк техникасына қызмет көрсету" құзыреттілігі бойынша "Қарағанды агротехникалық колледжі" КМҚК базасында «WorldSkills Қарағанды-2023» өңірлік чемпионатының ашылуы өтті. Облыстың 8 колледжінен 8 студент қатысады. Бағдарламаға сәйкес қатысушылар арасында жеребе және нұсқама өткізілді.

Бүгін  қатысушылар төмендегідей 18 модуль бойынша жұмыс жасайтын болады: "Компрессияны өлшеу", "Автосканермен жұмыс", "Саптамаларды сынау және реттеу", "Аккумуляторлық батареяларды қосу", "Автомобильдің электр жабдықтары аспаптарындағы тізбектің үзілуін диагностикалау", "8 цилиндрлі ГАЗ 53 қозғалтқышының клапандарына диагностика жасау", "Беріліс қорабын толымсыз бөлшектеу", "Жоғары қысымды отын сорғысы бөлшектеу-құрастыру", "Газель - 33023 автокөлігіндегі ілінісу муфтасын реттеу", "Жүк автомобильдерінің доңғалақтарын айырбастау - камерамен рәсімделеді", "Electude-дегі симуляциялық жаттығулар".