Размер шрифта:
ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКА-ҚҰРЫЛЫС КОЛЛЕДЖІНДЕ «WORLDSKILLS KARAGANDA-2023» АЙМАҚТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҮШІНШІ САЙЫС КҮНІ
20-04-2023 11:48
ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКА-ҚҰРЫЛЫС  КОЛЛЕДЖІНДЕ «WORLDSKILLS KARAGANDA-2023» АЙМАҚТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ  ҮШІНШІ САЙЫС КҮНІ

      2023 жылдың 20 сәуірінде Қарағанды техника-құрылыс колледжінде «Сырлау және декоративті  жұмыстар», «Плиткамен қаптау», «Кірпіш қалау», «Өнеркәсіптік дизайн», «Сантехника және жылыту», «Электрмонтаждық жұмыстар», «Визуалды мерчендайзинг және витринистика» құзыреттері бойынша «WorldSkills Karaganda-2023» аймақтық чемпионатының үшінші сайыс күні өтті.

Чемпионаттың барлық қатысушыларына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық өткізілді, жұмыс орнын дайындау ұйымдастырылды.

Әр құзырет конкурсанттары бағдарламаға сәйкес модульдер бойынша тапсырмаларды орындады.

Күннің соңына қарай «Өнеркәсіптік дизайн» құзыреттілігі бойынша конкурстың қорытындысы шығарылды: бағалау жүргізілді, бағалар толтырылды және қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Қалған алты құзыреттілік бойынша жарыстар жалғасуда.