Размер шрифта:
«Worldskils-Karaganda-2023» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты
21-04-2023 17:08
         «Worldskils-Karaganda-2023» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты

      2023 жылдың 21 сәуірінде «Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚК базасында «Жүк техникасына қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Karaganda-2023» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының қорытынды күні өтті.

«Компрессияны өлшеу», «Автосканермен жұмыс», «Саптамаларды сынау және реттеу», «Аккумуляторлық батареяларды қосу», «Автомобильдің электр жабдықтары аспаптарындағы тізбектің үзілуін диагностикалау», «8 цилиндрлі ГАЗ 53 қозғалтқышының клапандарына диагностика жасау», «Беріліс қорабын толымсыз бөлшектеу», «Жоғары қысымды отын сорғысы бөлшектеу-құрастыру», «Газель - 33023 автокөлігіндегі ілінісу муфтасын реттеу», «Жүк автомобильдерінің доңғалақтарын айырбастау - камерамен рәсімделеді», «Electude-дегі симуляциялық жаттығулар»  атты он бір модульдің қорытындысы бойынша қатысушылары барлық кезеңдерді сәтті аяқтады.

«Worldskills Karaganda-2024» бас сарапшы және бас сарапшының орынбасар кандидатураларын таңдау бойынша «Жүк техникасына қызмет көрсету» құзыреті бойынша компатриоттар кеңесі өтті. Компатриоттар «Worldskills Karaganda-2024» бас сарапшы және бас сарапшының орынбасар кандидатураларын «Жүк техникасына қызмет көрсету» құзыретіне өзгеріссіз қалдырды.

Жиналыста келесі чемпионатқа арналған конкурстық тапсырмалардың форматы да талқыланды.

Соңында барлық қатысушылар сертификаттар алды.