«WorldSkills Karaganda-2023» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты
25-04-2023 15:38
«WorldSkills Karaganda-2023» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты

      2023 жылдың 25 сәуірінде «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ базасында «Мобильді робототехника» құзіреттілігі бойынша «Worldskills Karaganda-2023» өңірлік чемпионатының  екінші байқау күні  өтті.

Бағдарламаға сәйкес, қатысушылар мен сарапшыларға еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізілді, сондай-ақ  олар бағалаудың өзгертілген тапсырмалары мен бағалау критерийлерімен танысты.  «Мобильді робототехника» құзіреттілігі бойынша  сарапшылар кеңесі, жұмыс орнын дайындау, тулбокстарды тексеру өткізіліп, хаттамаларға қол қойылды.