Размер шрифта:
"WorldSkills Karaganda-2023"өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты
25-04-2023 15:42

        2023 жылдың 25 сәуірінде Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжінің базасында "Дәнекерлеу технологиялары" құзыреттілігі бойынша екінші конкурстық күн өтті.

Жеребе бойынша келесі колледждердің 4 қатысушысы бақ сынасты: "ҚР Халық қаһарманы Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжі " КММ, "Қарағанды агротехникалық колледжі "КМҚК, "М.Әдікенов атындағы  Қарқаралы ауыл шаруашылық колледжі" КМҚК, "Қазақмыс" Корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ.

Қатысушылар №2 модуль "Қысыммен жұмыс істейтін резервуар" бойынша тапсырманы орындады.

Екінші конкурстық күннің соңында компатриот-сарапшылардың орындалған тапсырма үшін бағалары қойылып, CIS-ке бағалау нәтижелері енгізілді