Размер шрифта:
«Worldskills Karaganda-2023» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты
25-04-2023 15:47
«Worldskills Karaganda-2023» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты

      2023 жылдың 25 сәуірінде «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі»КМҚК базасында «WorldSkills Karaganda-2023»өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының «Шаштараз өнері», «Графикалық дизайн» құзыреттері бойынша екінші конкурстық күні өтті.

    Чемпионаттың барлық қатысушыларына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық өткізілді, жұмыс орнындайындау ұйымдастырылды.

«Шаштараз өнері»құзыреттілігі бойынша «C»және «D» модульдерінің жұмысын аяқтады.

«Графикалық дизайн»құзыреттілігі бойынша 2 және 3- модульдерінің жұмысы аяқталды.

Күннің соңына қарай бағалау жүргізілді, сондай-ақ CIS жүйесіне бағалау енгізілді. Чемпионат жалғасуда.