Размер шрифта:
"WorldSkills Karaganda-2023"өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты
26-04-2023 10:55

    2023 жылдың 26 сәуірінде «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ базасында «Мобильді робототехника» құзіреттілігі бойынша «Worldskills Karaganda-2023» өңірлік чемпионатының  бірінші байқау күні  өтті.

Жеребе бойынша келесі колледждерден 10 қатысушы бақ сынасты: «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, «Қарағанды ​​жоғары политехникалық  колледжі» КМҚК, «Қарағанды ​​техникалық-құрылыс колледжі» КММ,«Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ,  «Қарағанды техникалық – экономикалық колледжі» ЖММ.

Қатысушылар келесі модульдер бойынша тапсырмалар орындады:

  • №1 – модуль: "Жұмыстарды ұйымдастыру және басқару аспектілері";
  • №2 – модуль: " Коммуникациялар және тұлғааралық қатынастар саласындағы құзыреттер (техник журналы)";
  • №3 – модуль:"Дайындау және құрастыру";
  • № 4 – модуль:"Жобалау және тестілеу".

Бірінші конкурстық күннің соңында компатриот-сарапшылардың

орындалған тапсырма үшін бағалары қойылып, CIS-ке бағалау нәтижелері енгізілді.