"WorldSkills Karaganda-2023"өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты
26-04-2023 10:58

      2023 жылдың 26 сәуірінде Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжінің базасында "Дәнекерлеу технологиялары" құзыреттілігі бойынша үшінші конкурстық күні өтті.

Жеребе бойынша келесі колледждердің 5 қатысушысы бақ сынасты: «Қарағанды ​​тау-кен индустриалдық колледжі» КММ, «Қарағанды ​​машина жасау колледжі» КММ, «Қарағанды ​​техникалық-құрылыс колледжі» КМҚК, «Қарағанды ​​көлік-технологиялық колледжі» КМҚК, «Теміртау техникалық колледжі» КММ.

Қатысушылар №2 - модуль "Қысыммен жұмыс істейтін резервуар" бойынша тапсырманы орындады.

Үшінші конкурстық күннің соңында компатриот-сарапшылардың орындалған тапсырма үшін бағалары қойылып, CIS-ке бағалау нәтижелері енгізілді.