Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Үздік Тірек мектебі (Ресурстық орталық) - 2023» облыстық байқауы өткізіліп, 2023 жылдың 25 сәуір күні қорытындысы шығарылды.
25-04-2023 16:55
            Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен     «Үздік Тірек  мектебі (Ресурстық  орталық) - 2023» облыстық  байқауы  өткізіліп,  2023 жылдың  25 сәуір   күні  қорытындысы    шығарылды.

      Тірек  мектептерінің (Ресурстық  орталықтардың) магниттік  мектептердің  қызметін  ұйымдастырудағы  озық  тәжірибені  айқындау,  бағалау  және  тарату.

      Байқау 2 кезеңде өткізілді. Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша  облыстық  байқауға 7 селолық аудандардың  Тірек  мектептерінің (Ресурстық  орталықтарының)  жұмысы  ұсынылды.

    Байқау  комиссиясы  ұсынылған  құжаттарды,  бейне  материалдарды  Ережеде  белгіленген критерийлер  бойынша  талдап,  қорытындысын  шығарды.

      Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

I  орын -  «Мәди  Бәпиұлы атындағы № 44  жалпы білім беретін  Тірек  мектеп  (Ресурстық орталық) жанындағы интернат»  КММ, Қарқаралы ауданы.

II орын -«Абай  атындағы   Тірек мектебі (Ресурстық орталық)»  КММ, Осакаров ауданы.

III орын –«Сұлтанмахмұт  Торайғыров атындағы Тірек  мектебі (Ресурстық орталық)»  КММ, Бұқар жырау ауданы.

III орын –«Мүтәш  Сүлейменов атындағы  Тірек  мектебі (Ресурстық орталық)» КММ  Нұра  ауданы.

      Жеңімпаздар  Қарағанды  облысында  білім  беруді  дамытудың  оқу- әдістемелік  орталығының  дипломдарымен  марапатталды.