Размер шрифта:
«Менің өлкем. Қарағанды облысы бойынша виртуалды саяхат» облыстық байқауы
27-04-2023 17:40
«Менің өлкем. Қарағанды облысы бойынша виртуалды саяхат» облыстық байқауы

       2023 жылдың 20 сәуірінде онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы «Менің өлкем. Қарағанды облысы бойынша виртуалды саяхат» байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты: оқыту барысындағы жаңашыл ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын дәріптеу, білім беру ұйымдары мұғалімдерінің және оқушыларының құзыреттілігін, АКТ-ның дағдыларын игеру және дамыту, сонымен қатар оқушылардың туған жерімен тереңірек танысу.

Биылғы оқу жылында байқау 2 кезеңде өткізілді: I кезең – аудандық/қалалық деңгей, II кезең – облыстық деңгей.

2023 жылдың 03 мен 14 сәуірі аралығында облысымыздың барлық аудандары мен қалаларында байқаудың І кезеңі өтті. І кезеңнің қорытындысы бойынша аудандық, қалалық білім бөлімдері, мамандандырылған мектеп-интернаттарымен облыстық деңгейге 18 өтініш жіберілді.

2023 жылдың 27 сәуіріндеонлайн форматта ZOOM платформасында облыстық деңгейдің жеңімпаздарын марапаттау өтті.
        Облыстық кезеңнің нәтижелері бойынша жеңімпаздар:

І орын – «Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ» ҚММ;

ІІ орын – Шет ауданының «Абай атындағы ЖББМ» ҚММ;

ІІІ орын – Шахтинск қаласының «№7  ЖББМ» ҚММ.

«Шығармашылық-техникалық шешім»номинациясында Бұқаржырау ауданының «Үштөбе тірек мектебі (РО)» ҚММ  дипломмен марапатталды. 
«Жоғары зерттеу қабілеті»номинациясында Қарағанды қаласы «№45 гимназиясы» ҚММ дипломмен марапатталды.
Барлық қатысушылар сертификаттармен, ал жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.