Размер шрифта:
«Қашықтан BOOM» облыстық жобасы аясында «Цифрлық сауаттылық» пәнінен қиын тақырыптар бойынша бейнесабақтар байқауы
27-04-2023 17:42
«Қашықтан BOOM» облыстық жобасы аясында  «Цифрлық сауаттылық» пәнінен қиын тақырыптар бойынша  бейнесабақтар байқауы

       2023 жылдың 27 сәуірінде онлайн форматта ZOOM конференциясы арқылы «Цифрлық сауаттылық» пәнінен қиын тақырыптар бойынша бейнесабақтар байқауының нәтижелері жариялау өтті.

Байқаудың мақсаты педагогтердің кәсіби және пәндік құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту болып табылады.

Байқау 2 кезеңде өтті:

I кезең – аудандық/қалалық деңгей, 2023 жылдың 27 наурыз 10 сәуір аралығында өткізілді.

II кезең – облыстық деңгей, 2022 жылдың 2023 жылдың 17 -26 сәуір аралығында өткізілді.

Байқаудың облыстық кезеңінде барлығы 20 бейнесабақ қаралды.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз.       

І орын– Колтунова Анна Валерьевна, Нұра ауданының «С.Сейфуллин атындағы ЖББМ»информатика пәні мұғалімі;

II орын– Федоров Юрий Владимирович,Осакаров ауданының №9 гимназиясы базасындағы тірек мектебінің (РО) информатика пәні мұғалімі; 

III орынСепен Руслан Сергеевич, «Зияткер»ММЛИ информатика пәні мұғалімі

 «Практикалық тәсіл»номинациясында Аманжол Қарақат Аманжолқызы, Балқаш қаласының «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» информатика пәні мұғалімі, Куликова Наталья ВладимировнаШахтинск қаласының «№2 жалпы білім беретін мектебі» информатика пәні мұғалімі және Абильдина Мархабат Куатовна Қарағанды қаласының «С.Саттаров атындағы мектеп-лицейі» информатика пәні мұғалімі дипломмен марапатталды.

Сондай-ақ, байқаудың барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталады.