Размер шрифта:
«Үйде жеке тегін білім беруді ұйымдастыруда тиімді түзету-дамыта оқыту технологиялары» тақырыбында тәжірибеге бағытталған семинар
28-04-2023 08:28
«Үйде жеке тегін білім беруді ұйымдастыруда тиімді түзету-дамыта оқыту технологиялары» тақырыбында  тәжірибеге бағытталған семинар

      2023 жылдың 28 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығы Қарағанды облысының «№6 арнайы мектеп-интернаты» КММ базасында облыстық жобаны іске асыру аясында «Үйде жеке тегін білім беруді ұйымдастыруда тиімді түзету-дамыта оқыту технологиялары» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізді.

Семинар теориялық және практикалық бөлімдерді қамтыды.

Тәжірибеге бағытталған семинар барысында арнайы мектеп – интернаттардың, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, инклюзивті білім беру сыныптары бар жалпы білім беретін мектептерден шақырылған педагогтері фоамиранмен жұмыс істеудің әртүрлі әдістерін пайдалана отырып, жылыжай жағдайында гүл отырғызу шеберлік сабақтарына қатысты.