Қарағанды облысы педагогтерінің облыстық ғылыми-практикалық конференциясының пленерлық отырысы «Болашақтың білімі: тенденциялар, міндеттер және жаңа мүмкіндіктер»
28-04-2023 08:37
Қарағанды облысы педагогтерінің облыстық ғылыми-практикалық конференциясының пленерлық отырысы «Болашақтың білімі: тенденциялар, міндеттер және жаңа мүмкіндіктер»

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2023 жылдың  28 сәуір күні «Болашақтың білімі: тенденциялар, міндеттер және жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында ғылыми-практикалық конференциясының пленарлық отырысын өткізілді.

          Конференцияның мақсаты – инновациялық модельдерді, бағдамаларды, технологиялар мен инновацияларды, білім беру құзыреттері мен дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелерін талқылау.

Жұмыс барысында білім алушылардың XXI ғасырдың құзыреттері мен дағдыларын дамытуға бағытталған инновациялық модельдерді, бағдарламаларды, технологиялар мен инновацияларды, тиімді тәжірибелерді енгізу мәселелері талқыланды.

Сөз сөйлеушілер оқыту үдерісіне инновацияларды енгізу, мұғалімдердің тиімді кәсіби өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін ақпараттық кеңістікті қалыптастыру, білім беру үдерісінің сапасын арттыру, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, «қала – ауыл» форматында Lesson study зерттеуін іске асыру бойынша жетекші мектептердің кәсіби-желілік өзара іс-қимылын ұйымдастыруы бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Трансляция барысында әркім өз пікірін білдіре отырып,  қызықтырған сұрақтарға жауап алды.